+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Forbes қазақстандық олимпиадашылардың киім үлгісін үздік деп таныды

2021 жылғы 22 шілде 18:13
Бөлісіңіз:
Forbes қазақстандық олимпиадашылардың киім үлгісін үздік деп таныды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал Forbes журналы олимпиадалық форманың үздік 8 дизайнын анықтады. Журналдың шолушысы Стефан Рабимов түзген үздік униформалар рейтингінде Қазақстан командасының формасы да бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ильфат Абдулин садақ атудан Токио Олимпиадасын аяқтады «Болашақ» бағдарламасымен тағылымдамадан өтетін cанаттар тізімі кеңейтілді Олимпиада жүлдегерлері жаңа автокөлік алады

Үздік формалар тізіміне #teamKZ атлеттерінен бөлек, АҚШ, Либерия, Ресей, Чехия, Қытай, Оңтүстік Африка және Жапония командаларының формасы енген.

Қазақстан командасының формасын сипаттай келе, автор түстердің жақсы үйлесім тапқанына, ең бастысы – жобадағы командалық жұмыстың жоғары болғанына ерекше назар аударады. Өйткені, форманы дайындау барысына спортшылар да қатысқан болатын.

«Қазақстан командасының отыз бес мүшесі форманы дайындау барысына тікелей араласты. Дизайнер Салтанат Баймұхамедова матаны, түсті және декоративті элементтерді таңдау кезінде командамен бірлесе жұмыс істеген. Бұл спортшылардың қолдауды сезінуіне, олимпиадаға апарар жолда шабыттануына әсер етті.

Аспан түстес көк түс қазақ даласындағы шегі жоқ аспанды еске салады. Бұл ел астанасы мен Алматы қаласының сән орталығы екенін одан әрі айқындап, екі қала арасындағы мәдени бәсекелестікті де арттыра түседі. Олимпиадалық рух дұрыс насихатталса, бәрі де жеңіске жетеді», - деп жазды автор.

Униформаның таныстырылымына, сондай-ақ, арнайы фотосессияға қазақстандық олимпиадашылар қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT