+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Forbes әлемнің ең жоғары ақы төленетін әртістерін анықтады

2020 жылғы 13 тамыз 03:11
Бөлісіңіз:
Forbes әлемнің ең жоғары ақы төленетін әртістерін анықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дуэйн Джонсон екі жыл қатарынан Forbes нұсқасы бойынша әлемдегі ең жоғары ақы төленетін әртістер тізбесін бастап келеді. Бұл тізім басылым сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ресейде бір аптада 40 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырды Бейжіңде тікелей халықаралық рейстер тоқтатылуы мүмкін Туризм қауіпсіз болсын десек, вакцинацияны міндетті ету керек – ресейлік маман

Джонсонның жылдық табысын Forbes 87,5 миллион долларға бағалады.

Осы жылда Netflix-те шығатын «Қызыл хабарлама» (Red Notice) фильміндегі рөлі үшін әртістің 23,5 миллион доллар алғандығы атап өтілген. Бұған қоса Джонсонның бірінші орынға шығуы оның Under брендімен шығарылатын Armour Project Rock ерлер спорттық киімінің сұранысқа ие болуымен байланысты.

Рейтингте екінші орынды жылдық табысы 71 миллион долларға бағаланған канадалық әртіс Райан Рейнольдс иеленді. Атап айтқанда, «Бұлыңғыр алтылық» (6 Underground) және «Қызыл хабарлама» (Red Notice) фильмдеріндегі рөлдері үшін ол 20 миллионнан астам доллар тапқан.

Ең жоғары ақы төленетін әртістер тізімінде үшінші орынды жылдық табысы 58 миллион долларды құрайтын америкалық Марк Уолберг еншіледі.

Ол осыншама ақшаны «Мак-Миллиондар» (McMillions) және «Уолл-стрит» (Wahl Street) деректі фильмдерінің продюсері ретінде тапқан.

Сонымен бірге тізімнің бірінші ондығына Бен Аффлек ($55 млн), Вин Дизель ($54 млн), Акшай Кумар ($48 млн), Лин-Мануэль Миранда ($45,5 млн), Уилл Смит ($44,5 млн), Адам Сэндлер ($41 млн) және Джеки Чан ($40 млн) енген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT