Forbes әлемдегі ең жас миллиардердің есімін атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық модель «Кардашьяндар отбасы» реалити-шоуына қатысушы Кайли Дженнер әлемдегі ең жас миллиардер қыз атанды. Кайли Дженнер 21 жасында 1 миллиард доллар тауып, Марк Цукербергтің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Forbes.

Небәрі 21 жастағы бойжеткеннің кірісінің негізгі бөлігі 2016 жылы негізі қаланған косметикалық Kylie Cosmetics компаниясынан құйылып жатыр. Сондай-ақ танымал сән үйлерімен жасалған келісімшарттары да мол табыс көзіне айналған. Әлеуметтік желілерден түсіп жатқан ақша да аз емес.

Дженнердің өзі қаржылық табысына 128 миллион жазылушысы бар Instagram-ның үлесі мол екенін мойындайды.

«Мен мұны күткен жоқпын. Бұл мен үшін үлкен табыс әрі қуанышты оқиға», - деп атап өтті кәсіпкер қыз.

Айта кеткен жөн, бұдан бұрын ең бай жас адам титулы Facebook негізін қалаған Марк Цукербергке тиесілі еді. Ол өзінің алғашқы миллиардтарына 23 жасында қол жеткізген болатын.

Соңғы жаңалықтар