Forbes 2017 жылғы ең көп ақы төленген тележүргізушілерді атады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Forbes  журналы 2017 жылғы ең көп ақы төленген теле жүргізушілерді атады.

Бірінші орынды «Доктор Фил» бағдарламасының жүргізушісі, психолог әрі жазушы Фил Макгроу еншіледі. Ол 2016 жылдың 1 маусымынан 2017 жылдың 1 маусымы аралығында 79 миллион доллар тапқан.

Екінші - Эллен ДеДженерес ($77 млн), ал үшінші орында - Райан Сикрест ($58 млн).

Одан әрі тізім бойынша Джудит Шейндлин ($47 млн).

Бесінші орынды Саймон Коуэлл иеленді ($43,5 млн), алтыншы - Стив Харви ($42,5 млн), жетінші - Билл O'Рейли ($37 млн).

Ондықты тиісінше Шон Хэннити ($36 млн), Майкл Стрейхэн ($21,5 млн) және Хайди Клум ($21 млн) түйіндеді.

Соңғы жаңалықтар