+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

«FlyArystan»-ның рейстер саны 28-ден 80-ге артады – Үкімет басшысы

2019 жылғы 7 қазан 10:02
Бөлісіңіз:
«FlyArystan»-ның рейстер саны 28-ден 80-ге артады – Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин Сингапур мен Шанхайға әуе рейсін ашу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдан Көкшетауға ұшақпен 8999 теңгеге жетуге болады

«Бүгінгі таңда авиация саласында жолаушылар тасымалының артып келе жатқаны байқалады. Сала үшін кадр сапасын жақсарту, әуе кемелері мен қызмет көрсету сапасын стандарттарға сәйкес келтіру бойынша жұмыс үнемі жүргізілуде. Қазіргі уақытта «Air Astana», «Qazaq Air» әуе компаниялары ұшу бағыттарын қарқынды дамытып, бағалар саясаты бойынша нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бюджеттік «FlyArystan» әуе компаниясының тарифтері Еуропаның бюджетті компанияларымен салыстырғанда орташа есеппен 4 есеге дейін төмен. Келесі жылы «FlyArystan» компаниясының рейстер саны 28-ден 80-ге дейін артады. Ұшу бағыттары айтарлықтай кеңейтіледі», - деді А.Мамин бүгінгі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, жалпы отандық әуе компанияларының бәрі де бағалар саясаты мен қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастырады.

«Осы ретте, сіздердің назарларыңызды бірқатар мәселелерге аударғым келеді. Біріншіден, «Ұлт жоспарының» 73-ші қадамына сәйкес, 9 әлемдік қаржы орталығымен тұрақты әуе қатынасы орнатылды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика, Сыртқы істер министрліктері «Астана» ХҚО-мен бірлесіп, 2020 жылы Шанхай мен Сингапурға рейс ашу бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырамын», - деді ол.

Сонымен бірге, Премьер-Министр Нью-Йоркке ұшу үшін отандық әуе компанияларды аккредиттеу рәсімін аяқтауды тапсырды.

«Екіншіден, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін Қостанай және Балқаш қаласындағы ұшып-қону жолағын қайта жөндеуді аяқтауды тапсырды. Қазіргі таңда шетелдік инвесторлардың қатысуымен «Түркістан» халықаралық әуежайының құрылысы жүргізілуде. Осы нысанды белгіленген мерзімде – келесі жылы аяқтау керек», - деді Асқар Мамин.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT