FlyArystan-ның Қарағандыдан Алматыға рейсі іске қосылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар Алматыға жайлы ұшақтармен қолжетімді бағамен ұшу мүмкіндігіне ие болды. Бүгін FlyArystan қазақстандық лоукостері Қарағандыға алғашқы рейсін жүзеге асырды, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Арзан бағамен ұшу секілді бұл жаңалықты жергілікті халық көптен күткен болатын. Бұл әлем бойынша жүзеге асырылып жатқан тәжірибе. Енді бізде де Елбасының тапсырмасы бойынша AirAstana компаниясы құрған FlyArystan лоукостері пайда болды. Осы қызмет түрі авиажолаушылар үшін уақтылы іске асырылды», - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов.null null

Ол сонымен қатар әуежайға дейін баратын автобус маршрутын ашу жоспары туралы хабарлады.

Лаукостер-компания билетінің ең төменгі бағасы 6000 теңгені құрайды. Бұл сомаға ұшу және бес килограмм қол жүгін тасымалдауға рұқсат беріледі. Қажет болған жағдайда артық жүкке қосымша ақы төленеді.null

Борттағы азық-түлік пен сусындар да бөлек бағаға сатып алынады. AirAstana компаниясының президенті Питер Фостердің айтуынша, баға тұрақты. Сэндвич, кофе және тоқаштар қаптамасы кіретін екі адамға арналған кешен 2400 теңгені құрайды.

FlyArystan ұшақтары Алматыдан Қарағандыға күн сайын ұшатын болады.null

Қазір FlyArystan иелігінде Airbus A320 маркалы екі ұшақ бар. Қыркүйек айында ұшақтар саны төртке дейін ұлғайтылады, келесі жылдың соңында олар тоғыз болады, ал 2021 жылдың соңында компанияда 15 борт болады деп жоспарлануда.

Қазір лоукостер басшылығы болашақ базалардың бірін Қарағанды әуежайында орналастыру мүмкіндігін қарастыруда. Бұл ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Келешекте тек Алматыға ғана емес, еліміздің басқа қалаларына да рейстер жасалады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар