Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.19 EUR 426.63
RUB 5.92 CNY 56.54
Jańalyqtar

FlyArystan: Алматы - Шымкент бағытындағы әуе билеттері 5 мың теңгеден басталады

2019 жылғы 16 сәуір 12:08 454
Бөлісіңіз:
FlyArystan: Алматы - Шымкент бағытындағы әуе билеттері 5 мың теңгеден басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның алғашқы лоукостері FlyArystan Алматыдан Шымкент пен Павлодарға билет сата бастады. Аталмыш бағыттар бойынша толық техникалық тексеріс пен салоны реконфигурациядан өткен, 180 орындық Airbus A320 әуелайнерлері күнделікті қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Маусым айында Дели - Алматы әуе рейсі ашылады FlyArystan әуе компаниясы 12 күнде 16 мыңға тарта билет сатқан

«Оңтүстік астанадан шырайлы Шымкентке дейін жол жүру ұзақтығы - 1 сағат 20 минут. Қос қала арасындағы біржақты қатынау құны 4999 теңгеден басталады. Павлодарға билет құны барлық әуежай алымдарымен қоса есептегенде 6999 теңгеден басталып, ол жаққа жолаушылар 1 сағат 50 минутта жете алады. Билеттерді www.flyarystan.com сайтынан брондап, оған қоса жолаушылар өз қалауымен қосымша жүк борттық тағамға тапсырыс беру, приоритетті отырғызу сынды қызмет түрлеріне тапсырыс бере алады» делінген хабарламада. 

Алматыдан Нұр-Сұлтан, Тараз, Орал мен Қарағандыға қатынайтын рейстер бірінші мамырдан бастап орындала бастаса, көптен күткен Шымкент пен Павлодарға қатынау 30 мамырда басталады. 

«Шымкент пен Павлодар кездейсоқ таңдалған жоқ. Біріншісі - оңтүстік өңірідің бас қаласы екені сөзсіз. Одан және оған күнделікті жүздеген адам сапар шегеді. Алматы-Шымкент-Алматы бағыты - әуе жолаушыларының көптен күткен бағдары. Ал Павлодар мен Алматының арасында қонаққа барып-келетін жолаушылар, кәсіпкерлермен қатар, солтүстік-шығыс өңірінің көркі - Баянауыл елді мекенін көргісі келетін туристер де баршылық екенін ескерген жөн. FlyArystan ұсынып отырған арзан бағамен билетті брондап алатын отандастар саны көп болып, олар тиімді тарифті билеттерді алып үлгереді деген сенімдеміз. Себебі арзан бағалы орындар әдетте тез  сатылып кететінін ескерген жөн», - дейді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

FlyArystan барша жолаушыларға тариф ережелерімен мұқият танысып, толық ақпаратты ресми сайттан алуға кеңес береді.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT