Fly Arystan-ның Air Astanа-дан бөлінуі билет бағасына қалай әсер етеді

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Air Astanа әуекомпаниясының президенті Питер Фостер Fly Arystan Air Astanа-дан бөлінсе, онда тарифтер төмендемейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері Air Astana-дан Fly Arystan-ды бөліп шығару нарық пен тарифтерге қаншалықты әсер етуі мүмкін екенін Питер Фостерден сұрап көрді.

«Бұл мәселеге түсініктірек тоқталуға рұқсат етіңіз. Егер Fly Arystan-ды Air Astana-дан дереу бөліп шығаруды қарастыратын болсақ, онда тарифтерді төмендету туралы әңгіме болмайды. Керісінше, тарифтер өсуі мүмкін», - деді Питер Фостер.

Еске салайық, Қазақстандағы FlyArystan әуе компаниясы 2024 жылы жеке бөлініп шығады. Осы процестен кейін билет құнының арзандауы мүмкін екені айтылған болатын.


Соңғы жаңалықтар