+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Флойд Мэйвезерге Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды

2020 жылғы 6 тамыз 19:38
Бөлісіңіз:
Флойд Мэйвезерге Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізуді ұсынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Boxingnews24.com» сайтының авторы Аллан Фокс аты аңызға айналған Флойд Мэйвезерге (50-0, 27 КО) Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Мэйвезердің ММА спортшысымен өткізген жек-жегі сияқты тағы бір қызықты сайысты тамашалау адамға ерекше әсер сыйлайды. Егер ол Эррол Спенс, Геннадий Головкин, Канело Альварес немесе Теренс Кроуфорд сияқты үздік боксшылармен жұдырықтасса, онда ол жанкүйерлерді қызықтыра алар еді. Дегенмен, ол өзінің кәсіби карьерасын аяқтап, енді жекпе-жекке оралмайтынын мәлімдеді», - деп жазды автор.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкиннің жекпе-жегі қазан айында өтеді деп күтілуде. Ол поляк боксшы Камил Шереметамен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жекте Головкин 2019 жылдың қазан айында жеңіп алған орта салмақтағы IBF чемпиондық белбеуін қорғайды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT