Флойд Мейвезер: Уорд Головкинді жеңеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американдық боксшы Флойд Мейвезер Андре Уорд пен Геннадий Головкин туралы пікірін білдірді, деп хабарлайды GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми тобының парақшасына сілтеме жасаған Sports.kz.

- Андре Уорд пен GGG сияқты боксшылар туралы не ойлайсың?

- Андре Уорд - тамаша спортшы. Мен оның таяуда жаңа промоутермен жаңа келісімшартқа қол қойғаны туралы естідім - бұл жақсы. Біз бұл бизнесте жеңілу үшін жүрген жоқпыз. Андре Уорд... Оның дағдылары мен шеберлігі... ол өте дарынды боксшы! Бірақ өзіме бизнес, ақша табу үшін спортшыны таңдасам, Эдриан Бронэрді алатын едім. Өйткені мен бұл бизнес және спорт екенін түсінемін...сіздерге ұнаса да, ұнамаса да - айқасушының есімі мен даралығы маңызды.

- Бір боксшы билеттерді сата алады, келесісі олай істей алмайды... Андре Уордтың қолынан келе ме?

- Жоқ, мен Андре Уордтың еңбегін кемсітіп отырғаным жоқ. Маған бұл жігіт ұнайды. GGG, мен оның боксын көрдім.

- Ол туралы не ойлайсың?

- Мен оның бір жекпе-жегін ғана көрдім... Егер ол Андре Уордпен айқасса, жеңіс еш күмәнсіз Андре Уордтың еншісінде болады. Бірақ GGG - жақсы спортшы, ол жекпе-жекке тартылғанды жақсы көреді. Мені бұған дейін қорғанысты ойлап, ойланып айқасқаным үшін сынға алса да, іс жүзінде ол ұзақ мерзімдік болашақта маған жемістерін әкелді.

Соңғы жаңалықтар