Флоридадағы атыс: 4 адам қаза тауып, 11-і жараланды

None
None
ДЖЕКСОНВИЛЛ. ҚазАқпарат -  Флоридадағы ойын-сауық орталығында болған атыс салдарынан төрт адам қаза тауып,  кем дегенде 11-і жараланды, деп хабарлайды Еuronews.com. 

Келеңсіз жағдай Флорида штатының солтүстігіндегі Джексонвилл қаласының ойын-сауық орталығында болған.

Жексенбі күні белгісіз біреу қаладағы танымал «Джексонвилл Лендинг»  сауда кешенінде Madden NFL 19 компьютерлік ойынының онлайн -турнирі кезінде оқ жаудырған.

 Жергілікті шериф офисінің хабарлауынша, оқ атқан адам қаза тапқан.  Оның болуы мүмкін сыбайласы іздестірілуде.

Атыс болған сәт трансляция жасаған Twitch сайтына түсіп қалған.  

Жергілікті БАҚ мәліметіне қарағанда, ол турнирге қатысып, ұтылған. Бұдан соң қаруын алып келіп, адамдарға оқ жаудырып, артынша өзін-өзі өлтірген.

Бұдан бұрын полиция  сауда орталығындағы «жаппай атыс» жайлы хабарлап, жұртшылыққа ол жерден қашық жүруге кеңес берген еді.

Соңғы жаңалықтар