Флоридада қайтадан соғуы мүмкін дауылға дайындалып жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Флоридаға қараша айында сирек кездесетін дауыл жақындап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Штаттың Атлант мұхиты жағалауында «Николь» дауылы соғып тұр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты әуе рейстері тоқтатылып, саябақтар жабылды, бұрынғы президент Дональд Трамптың «Мар-а-Лаго» резиденциясын қоса алғанда эвакуациялау туралы өкімдер берілді. «Николь» соңғы 40 жылда АҚШ-та осы маусымның соңында соққан алғашқы дауыл болмақ.


Фото: Rebecca Blackwell/Copyright 2022 The AP


Соңғы жаңалықтар