Физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. АЗЕРТАДЖ-ҚазАқпарат – 5 қазанда Швецияның Корольдік ғылым академиясы жанындағы Нобель комитеті физика саласындағы үш ғалымға «күрделі физикалық жүйелерді түсінуге қосқан үлесі үшін» 2021 жылғы Нобель сыйлығын табыстайтынын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап.

АЗЕРТАДЖ-дың мәліметінше, Стокгольмдегі арнайы шарада физикадан Нобель сыйлығының бір бөлігі америкалық ғалым Сюкуро Манабе мен Клаус Хассельманге «жер климатын физикалық модельдеу, өзгергіштікті сандық бағалау және жаһандық жылынуды сенімді болжауға» қосқан үлесі үшін табыс етілді. Ал, қалған бөлігі италиялық ғалым Джорджо Паризиге «атомнан планетарлық масштабқа дейінгі физикалық жүйелердегі тәртіпсіздік пен ауытқулардың өзара әрекеттесуін ашқаны үшін» берілді.

Еске сала кетейік, 4 қазаннан бастап 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары жария етіле бастады. Биыл коронавирус пандемиясына байланысты сыйлық 10 желтоқсан күні 10 елде табысталады. Марапаттау рәсімі жылда Стокгольмде өтетін.

4 қазанда медицина бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары жарияланды.



Соңғы жаңалықтар