+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Физика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

2020 жылғы 6 қазан 19:51
Бөлісіңіз:
Физика саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Физика саласындағы 2020 жылғы Нобель сыйлығы сейсенбі күні Роджер Пенроуз, Рейнхард Генцель және Андреа Гезге берілді, деп жазады ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап.

Өз кезегінде бұл туралы Швед корольдік ғылым академиясының физика саласындағы Нобель комитеті хабарлаған болатын.

Комитет шешімінде айтылғандай, Пенроуз «қара құрдымың пайда болуы жалпы салыстырмалылықтың сенімді болжамы екенін ашқаны үшін» марапатталды.

Генцель мен Гез галактика орталығында салмағы ауыр, бірақ ықшам нысанды ашқаны үшін лауреат атанды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нобель сыйлығы «физикалық космология саласындағы теориялық зерттеулері» үшін канада-америкалық ғалым Джеймс Пиблзге, сондай-ақ швейцариялық астрофизик Мишель Майор мен Дидье Келоға «күн түріндегі жұлдыздың айналасында экзопланетаны ашқаны үшін» берілген еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлзат Ақжолова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT