Физика бойынша Нобель сыйлығын кімдер алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылы физика бойынша Нобель сыйлығын лазерлік технологиялар саласындағы жаңалықтары үшін американдық Артур Эшкин, француз Жерар Мору және канадалық Донна Стрикленд алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-ге сілтеме жасап.

Стрикленд - осы сыйлық тарихында марапатталған үшінші әйел екенін атап өту керек. Бұған дейін физикадан Нобель сыйлығын әйел адам 55 жыл бұрын алған екен.

Олар 9 млн швед кронасын (1 млн астам доллар) құрайтын ақшалай сыйлықты өзара бөліседі.

Артур Эшкин лазер жарығының көмегімен микроскопиялық нысандарды әрекеттестіретін «оптикалық пинцет» технологиясын ойлап тапты.

Мору мен Стрикленд қарқыны жоғары қысқа лазер импульстарын шығаруға мүмкіндік беретін технологияны жасап шығарған. 

Соңғы жаңалықтар