FIVB президенті Қазақстан волейбол федерациясына алғыс білдірді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексиканың Канкун қаласында өткен Халықаралық волейбол федерациясының конгресі аясында FIVB президенті Қазақстан волейбол федерациясына алғыс білдірді,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған жиынға Қазақстан волейбол федерациясының бас хатшысы Ермек Сырлыбаев қатысқан.

Халықаралық федерация президенті Ари Граса конгресс аясында құрлықтық конфедерация басшыларымен кездесіп, Ұлттық федерация басшыларымен өткен жиында Қазақстан мен Австралия волейбол федерацияларын ерекше атап өткен. FIVB президенті Азия құрлығында белсенділік танытып, волейболдың танылуына үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.

Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясының FIVB-ға мүше болғанына 25 жыл толуына орай Ермек Сырлыбаеваты естелік сыйлықпен марапаттады.

 

Соңғы жаңалықтар