Fitch Ratings Алматыға несиелік рейтингін берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы Қазақстанның тәуелсіз рейтингі деңгейінде «BBB» халықаралық несиелік рейтингіне ие болды. Оны әлемнің үш ірі халықаралық рейтинг агенттіктерінің бірі – Fitch Ratings ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Соңғы бес жылда Алматы қаласының экономикасына, бюджетіне және несиелік профиліне жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, Fitch Ratings мегаполиске «BBB» (инвестициялық деңгей) деңгейінде шетел және ұлттық валютада эмитент дефолтының (IDR) ұзақмерзімді рейтингін және «BBB+» деңгейінде автономды несиелік профилін (SCP) берді.

Fitch Ratings стандарттарына сәйкес, «BBB» эмитенттің жақсы несиелік сапасын көрсетеді және несиелік тәуекелдер бойынша ағымдық болжамдардың төмендігін көрсетеді.

Аталған несиелік рейтинг Алматының қаланың амбициозды инфрақұрылымдық бағдарламасын жеке қаржыландырудың ұзақмерзімді құралдарын анықтау жөніндегі күш-жігерін растау болып табылады. Мұны Еуропа және Орталық Азия (ECA Cities) қалаларының бағдарламасы шеңберінде Халықаралық қаржы корпорациясы (IFC) да қолдайды.

Бағдарлама қоғамдық көлік, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды басқару, энергия тиімділігі және «ақылды» қалалық технологияларды қоса алғанда, экологиялық таза және орнықты муниципалдық инфрақұрылым көмегімен түйінді қызметтер көрсетуді жақсартуға бағытталған.

Алматының несиелік рейтингі халықаралық инвестициялық қауымдастықтың назарын аудару үшін Fitch Ratings бағалайтын жетекші әлемдік капиталдар рейтингінің тізіміне қосылады.

«Жоғары несиелік рейтинг Алматы қаласында жайлы инвестициялық ахуал туғызып, бизнес-бастамаларға арналған барынша перспективалы инвестициялық алаң болып қала береді. Біз несиелік рейтингті ағымдағы «BBB+»- ен әлемнің жетекші қаржы ұйымдарымен ұзақмерзімді заемдар жасай отырып, одан да жоғары инвестициялық деңгейге дейін көтеруді жалғастыратынымызды айта кету керек», - дейді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров.

IFC және Алматы қаласының әкімдігі 2019 жылдың ақпан айында Стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойды. IFC ұзақмерзімді капиталға қол жеткізуде және инфрақұрылымға инвестицияларды тартуға әкімдікке қолдау көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар