FIS Ресейдің 11 шаңғышысын спорттан шеттетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) бұрын Халықаралық Олимпиада Комитетінің комиссиясы дисквалификация жариялаған 11 ресейлік спортшыны FIS аясында өтетін бірде-бір жарысқа қатыстырмайтынын мәлімдеді. 

Бұл туралы федерацияның ресми сайтында жарияланды.

Допинг дауына байланысты: Александр Легков, Евгений Белов, Алексей Петухов, Максим Вылегжанин, Евгения Шаповалова, Юлия Иванова, Анастасия Доценко, Юлия Чекалева, Никита Крюков, Наталья Матвеева және Александр Бессмертных енді ірі жарыстарға қатыса алмайды.

Аталған шаңғышыларға қатысты дисквалификация мерзімі қашан аяқталатыны белгісіз. 

Соңғы жаңалықтар