Фирузаның Ресейде өтетін жекпе-жегіне болашақ қарсыласы Ева Вальстрем келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың қыркүйегінде Санкт-Петербургте өтетін Ф.Шарипованың кезекті жекпе-жегін көруге WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, болашақ қарсыласы Ева Вальстрем келеді. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемдік рейтингтің жартылай салмағындағы нөмірі бірінші спортшы, WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстрем 8 қыркүйекте өтетін болашақ қарсыласы Ф.Шарипованың жекпе-жегін көруге арнайы келеді», - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда Ф.Шарипова екінші жартылай жеңіл салмақта IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және WBC Silver чемпиондық белдігінің иегері. Сондай-ақ, үстіміздегі жылдың қазан айында Монакода қазақстандық спортшының Ева Вальстреммен жекпе-жегі жоспарланған. 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте Фируза Шарипова испандық Мириам Гутьерреспен рингке шығады. Айтулы спорттық бәсекені әлемнің 50-ден астам елі тікелей таратылымда көрсетеді.

 

Соңғы жаңалықтар