Фируза Шәріпова «Жыл адамы» атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста екі салмақ дәрежесі бойынша бірқатар чемпиондық белдіктердің иесі Фируза Шәріпова өзі туған Таразда 2018 жылдың «Жыл адамы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Спортшыға естелік мүсін сыйға тартылды. Осыған дейін Фируза Шәріпова «Алтын адам» сыйлығының аясында «Жыл адамы» атанған болатын.

Айта кетейік, Фируза осыған дейін WBC ұйымының белдігі үшін финляндиялық Ева Вальстреммен жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда кездесу Фирузаның жарақатына байланысты өтпей қалды. Қазақстандық спортшы осы кезде сол жарақатынан ем алып жатыр. Аталған кездесу 2019 жылдың наурызында өтеді деген жоспар бар. Ал оның алдында, яғни 8 қыркүйекте болған жекпе-жекте Фируза ресейлік Юлия Куценконы жеңген болатын. Бұл ресейлік спортшының өз мансабында алғашғы жеңілісі болды. Ал қазақстандық спортшы IBO Championship белдігін сәтті қорғай білді.

Соңғы жаңалықтар