Фируза Шәріпова Юлия Куценкомен тағы бір мәрте жұдырықтасуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Юлия Куценко әлем чемпионы Фируза Шәріповаға реванш кездесу өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Фируза, қанекей реванш өткізейік!» - деп жазды Юлия Instagram парақшасында.

Қазақстандық боксшы көп созбай, бірден жауап беруді дұрыс көріпті.

«Қолдаймын! Чемпион екенімді тағы бір мәрте дәлелдеуге, сені жеңуге дайынмын!» деп жауап қатты Фируза.

Бұл сөзге жауап берген ресейлік боксшы бойжеткен де барын салуға уәде берді.

«Бұл сөзіңе келіспеймін. Ендеше айқасайық, бұл жолы қан төкпей іс тынбас. Енді жеңіске мүмкіндік бермеймін», - деп отыр Юлия Куценко.

Қос боксшының арасындағы сөз таласы ақыры Фируза Шәріпованың менеджері Сергей Завилейскийдің назарын аударыпты.

«Мен де бұл бастаманы қолдаймын. Бірініші айқас керемет өткен еді. Келіссөзге кірісеміз», - дейді ол.

Алдағы айқасқа ресейлік промоутерлердің бірі қызығушылық танытып отыр. «Victory Team» компаниясының өкілі Андрей Халайджан «Victory Team» компаниясы айқасты өткізуге асық. Шәріпова vs Куценко. Айқасты сәуір айының соңында Воронежде өткізуді ұсынамын» дейді.

Еске сала кетейік, WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белбеулерінің иегері қазақстандық Фируза Шәріпова (8-1, 4 КО) мен ресейлік Юлия Куценконың арасындағы жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталған болатын. Осылайша, Фируза өзінің титулдарын қорғап қана қоймай, жеңіл салмақта WIBA чемпионы атағына ие болды. Бокс кеші 8 қыркүйекте Санкт-Петербургте «А2» аренасында өтті.

Соңғы жаңалықтар