Фируза Шарипова WBA және WBC рейтингіне енді

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстағы тұңғыш қазақстандық қыз Фируза Шәріпова WBA және WBC рейтингіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фируза Шәріпова (8-1-0,4КО) екі салмақ дәрежесі бойынша WIBA, IBO және WBC Silver тұжырымдарының чемпион белбеуінің иегері. Қазақстандық боксшы қыз Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) және Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) тұжырымының маусым айындағы рейтингінде, 2 және 8-орыннан көрінді.

Айта кетейік, Ф.Шәріпова өткен жылы ЭКСПО көрмесі аясында жеңіл салмақта WIBA белдігін, ал сол жылы 30 желтоқсан күні «Алматы Арена» кешенінде өткен жекпе-жегінде супер жеңіл салмақта IBO және WBC Silver тұжырымдарының чемпиондық атағын жеңіп алған болатын.

Табысты жеңісінен кейін, WBA ұйымы Шарипованы желтоқсан айындағы супер жеңіл салмақ дәрежесінің рейтингісінде 14-орынға жайғастырды. Ал ұйымның мамыр және маусым айындағы рейтингісінде, қазақстандық жеңіл салмақта бірден 2 орынға көтерілді.

Фото: egemen.kz

Соңғы жаңалықтар