Фируза Шәріпова WBA рейтингінде көш бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова халықаралық WBA рейтингі бойынша үздік спортшы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі боксшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Екі салмақ дәрежесі бойынша кәсіби бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова WBA рейтингінде 1-орынға тұрақтады. Бұл Фирузаны қазіргі күні Кэти Тейлорға тиесілі чемпиондық белдікке міндетті үміткердің бірі етеді», -делінген хабарламада.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) - кәсіби бокс спортындағы ежелден келе жатқан халықаралық ұйым. WBA нұсқасы бойынша Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Геннадий Головкин және басқа да танымал боксшылар чемпион атанған.

Айта кетсек, Фируза Шәріпова - бокстан жеңіл және жартылай жеңіл салмақ бойынша Қазақстаннан шыққан алғашқы әлем чемпионы. Боксшы WBA нұсқасы бойынша келесі жекпе-жегін финляндиялық Ева Вальстреммен өткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар