Фируза Шәріпова Токио Олимпиадасына қатысуға ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова Токиода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғауға ниетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат әлеуметтік желідегі Қазақстанның кәсіпқой боксы парақшасына сілтеме жасап.

«2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысқым келетінін бұрыннан айтып келемін. Кристина Хаммерді үлгі тұтамын, маған шабыт беретін де сол. Егер Кристина Қазақстанның атынан шығуды қалап тұрса, мен сөйтуге міндеттімін. Оған дейін, әрине, кәсіпқой бокста әлемнің абсолютті чемпионы болғым келеді. Бұл жағынан алғанда, Кристина екеуіміздің жоспарларымыз ұқсас. Кларесса Шилдске қарсы жекпе-жегінде оған болысамын», - дейді Шәріпова.

Фирузаның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұған дейін Кристина Хаммер Қазақстан атынан Олимпиадаға қатысу ниетін білдірген. Өз кезегінде Шәріпова да Олимпиада «алтынын» жеңіп алуды қалайтынын жеткізген болатын. Сол сөзінен кейін ол екі салмақ санатында үш титулға қол жеткізіп үлгерді.

Соңғы жаңалықтар