Фируза Шәріпова Таразда титулдық айқас өткізеді

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шәріпова Малави чемпионы Рут Чисейлге қарсы WBC Silver титулы үшін жекпе-жек өткізеді. Кездесу 20 мамырда Фирузаның туған қаласы Таразда болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Жеңімпаз абсолютті әлем чемпионы титулы үшін Кэти Тейлормен жұдырықтасады.
Рут Чисейл Малави чемпионы және әйел боксшылар арасында әлемдік рейтингіде көшбасшылардың бірі. 14 рет айқас өткізіп, оның 12-інде жеңіске жеткен. Ол 7 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған, соңғы рет 26 желтоқсанда өткен айқаста да нокаутпен жеңген.


Соңғы жаңалықтар