Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.36 EUR 424.47
RUB 5.88 CNY 54.95
Jańalyqtar

Фируза Шәріпова неліктен титулынан айырылып қалды

2019 жылғы 3 сәуір 17:22 792
Бөлісіңіз:
Фируза Шәріпова неліктен титулынан айырылып қалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылды. Спортшы оның себебі туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Ұқсас жаңалықтар
Фируза Шәріпова мен Юлия Куценконың реваншы қашан болады Фируза Шәріпова аты аңызға айналған рингте өнер көрсетеді

«Бұл - қалыпты жағдай, себебі бір жылдан бері қорғалған жоқ. Чемпион өз белбеуін қорғауы тиіс. Өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуді жоспарладық. Ол - WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың иегері. Қаржыландыруға көмек сұрадық. Әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министріне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады», - деді Ф. Шәріпова.

Оның айтуынша, Е. Вальстрем үлкен көлемдегі гонорар сұраған.

«Мұның алдында WIBA титулын қорғадым, сондықтан мен осы нұсқадағы әлем чемпионымын. Мен белбеулерімді жоғалтқан жоқпын, келесі айқаста оны рингке алып шығамын. Мен осы нұсқадағы қазіргі әлем чемпионы мәртебесінен айырылдым. Бұл менің және командамның кінәсі емес - мен одан айқаста жеңілгендіктен айырылмадым. Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ», - деп атап өтті ол.

Спортшы мұнымен тоқтап қалмай, басқа салмақ дәрежесінде титулын қорғамақ.

«Қазіргі уақытта 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулын иелену үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір демеуші іздестіру үстіндеміз, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Күн сайын серіктестік туралы ұсыныстар жолдап жатырмыз, бірақ ешкім әлі келісім бермеді», - деп атап өтті Ф.Шәріпова.

Бұдан бұрын БАҚ-та Ф.Шәріпованың IBO тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылғаны туралы ақпарат жарияланған еді. 


Автор: Азамат Сыздықбаев

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
MURAǴAT