Фируза Шарипова ММА-дегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жекпе-жек шебері Фируза Шарипова аралас жекпе-жектегі алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Алматыда ММА-ден Octagon 33 турниріне қатысып, ресейлік Карина Ондасыновамен (2-0) рингіге шықты.

Жекпе-жек 63,5 кг салмақта өтті. Үш раундқа жоспарланған кездесу бірінші раунда Фаризаның қылқындыру әдісін қолдануымен аяқталды.

Осылайша жерлесіміз ММА-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізсе, ресейлік спортшы қыз алғаш рет жеңіліс тауып отыр.

Фируза Шарипова бокста да өнер көрсетіп жүр. Жеке рекорды — 14-2, 8 КО.

Ол бокста жеңіл салмақта IBA және WBU нұсқалары бойынша әлем чемпионы атақтарын жеңіп алған.



Соңғы жаңалықтар