Фируза Шәріпова мен Юлия Куценконың реваншы қашан болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық бокс федерациясының (IBO) тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Куценконың жекпе-жегі 2019 жылдың 16 маусымында Екатеринбургте өтеді. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

«Екатеринбургте 13-16 маусым аралығында өтетін Халықаралық бокс форумы аясында Фируза Шәріпова мен Юлия Куценконың көптен күткен кездесуі өтеді. Айқас форумның соңғы күнінде турнирде болады», - деді дирекциядан.

Екі спортшы да жаңа салмақ дәрежесінде - 63,5 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Шәріпованың Куценкоға қарсы алғашқы айқасы 2018 жылдың 8 қыркүйегінде Санкт-Петербургте өтіп, қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған еді. Шәріпова он раундтың тоғызында сынған мұрнымен жұдырықтасты.

Екатеринбургтегі Екінші Халықаралық бокс форумында барлық дүниежүзілік ұйымдардың - Халықаралық бокс федерациясы (IBF), Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO), Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) басшылары бас қосады. Сондай-ақ, әлемнің танымал спортшылары, бокстан олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары, промоутерлер, менеджерлер, шоу-бизнес жұлдыздары келеді.

Соңғы жаңалықтар