Фируза Шәріпова мен Милена Колева салмақтарын өлшетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан Қазақстаннан шыққан алғашқы спортшы қыз, әлемдегі ең сұлу спортшы атанған 22 жастағы Фируза Шәріпова мен оның қарсыласы болгариялық Милена Колева айқас алдындағы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еске сала кетсек, ертең «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада бокс кеші өтеді. Кештің ең басты айқасы Фируза Шәріпова мен Милена Колеваның арасында болмақ.
null 

Бокс кешін аралас жекпе-жекшілер ашады. Алғашқы болып рингке украиналық Юрий Проценко(122,6 келі)  мен өзбекстандық Мурод Хантураев (104,6 келі) шығады.  Одан бөлек, қазақстандық Әмірхан Төлеуов (69,2 келі)  ресейлік Андрей Гремецовке (салмақ өлшеу рәсіміне келмеді) қарсы шықпақ. Өзбекстандық Степан Портов (71,3 келі) қазақстандық Темірлан Райымқұловпен (72,4 келі) қолғап түйістірсе, қазақстандық қос спортшы Абылайхан Есентаев (53,8 келі) пен Айдын Елжанов (58,7 келі) айқасқа түседі. 
null 

Фирузаның салмағы 60 келі 700 граммды құрады. Ал оның қарсыласы Милена Колева 60 келі 350 граммды көрсетті.

29 жастағы Милена - өте тәжірибелі спортшы. Бұған дейінгі жекпе-жегінде ол Шәріпованың әлеуетті қарсыласы - осы уақытқа дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген ресейлік IBО нұсқасы бойынша әлем чемпионы Светлана Кулаковамен, ирландиялық олимпиада чемпионы Кэти Тейлормен кездескен болатын. Сондай-ақ, Франциядан шыққан IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Майва Хамадучемен де күш сынасып көрді. Қазіргі уақытта Колева әлемдік рейтинг бойынша Шәріповадан әлдеқайда жоғары орналасқан. Әлем чемпионы атағы үшін айқас он раундқа есептелген.

Айта кетерлігі, Фируза Шәріпова 10 жасынан бокспен айналыса бастаған. Әуесқой спортта екі рет Қазақстан чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері және әлем чемпионатының шәкірті болды. 2016 жылдың 21 мамырында Мәскеу қаласында кәсіқой бокста Денис Лебедев пен Виктор Рамирес өткізген ауқымды кездесудің андеркартында Олимпиаданың күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Еуропа чемпионы ресейлік София Оличивамен жұдырықтасты. Содан кейін, ол Испанияда, Қазақстанда және Ресейде жұдырықтасты. 29 маусымда Мәскеуде өткен соңғы жекпе-жегінде Фируза Ресейлік Бианка Пряшканы бірінші раундта жеңді.
null 

Соңғы жаңалықтар