Фируза Шәріпова Мәскеуде сербиялық боксшыны жеңді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеу қаласындағы «Кеңестер қанаты» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтіп жатыр. Онда қазақстандық спортшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Шәріпова сербиялық Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) айқасты. Сегіз раундқа есептелген жеңіл салмақтағы жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

Осылайша, Фируза Шәріпова профи-рингтегі 12-інші жеңісіне қол жеткізді. 26 жастағы спортшымыз үшін бұл – 2020 жылғы екінші айқас. Бұған дейін ол тамыз айында Танзания өкілі Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) бесінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Сербиялық Сара Марьянович бүгін өз мансабында сегізінші рет жеңілді. Мәскеудегі бокс кешін «Qazsport»телеарнасы мен SHAMO BOXING Youtube-арнасынан тікелей эфирден көруге болады.

Кеш хедлайнерлері – ресейлік боксшылар Шәміл Хатаев (4-0, 1 КО) пен Грачья Маргарян (7-1-1, 5 КО). Олар орта салмақта WBA Asia чемпионы титулы үшін айқасады.




Соңғы жаңалықтар