Фируза Шәріпова келесі жекпе-жегі өтетін күнді жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бокстан үш салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова Instagram-дағы парақшасында келесі айқасы 30 қазан күні Мәскеуде өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«30 тамызда Мәскеуде жекпе-жек өткіземін. Алдағы уақытта толығырақ хабарлаймын», - деп жазды Фируза.

Еске сала кетсек, кездесу 25 қазанда Қазақстанда өту керек болатын, бірақ тоқтатылған еді.

Фируза Шәріпова 22 тамызда Қазан қаласында танзаниялық Хэппи Даудиді мерзімінен бұрын жеңіп, өзі үшін үшінші салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы атағын иеленген.


Соңғы жаңалықтар