Фируза Шәріпова қарсыласын нокаутпен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова елордада өткен «Көшпенділер шайқасы» (Битва кочевников) бокс кешінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бокс кешінде Фируза Шәріпованың қарсыласы ресейлік Любовь Белякова болды. Ол Украинаның тай боксы бойынша бірнеше рет чемпионы атанған, Тайландта өткен халықаралық бокс турнирінің жеңімпазы, сондай-ақ, Ресей Кубогы-2020 иегері. Л. Белякова үшін бұл кәсіби бокстағы дебюд шайқасы болды. Жерлесіміз екінші раундта ресейлік боксшыны нокаутпен жеңді.

Осылайша Ф. Шәріпова кәсіби бокста 14-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтап отыр. Айта кетсек, Шәріпова биыл сәуірде ресейлік боксшы Юлия Чернобородовамен жұдырықтасып, оны да нокаутқа аттандырған еді.


Соңғы жаңалықтар