Фируза Шәріпова IBF, WBA мен WBO сияқты әлемдік атақтар үшін кездесу өткізуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Кәсіпқой бокстан тұңғыш әлем чемпионының командасы аргентиналық Анна Лаурамен кездесу өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Кездесу 9 шілдеге Санкт-Петербургте өтеді деп жоспарланған.

«Біз Эстэчеге ұсыныс жасап, енді оның жауабын күтіп отырмыз»,-деді Шәріпованың менеджері Сергей Завилейский.

IBF, WBA және WBO сияқты үш аргентиналық атақтардың иегері саналатын аргентиналық спортшы 63,5 кг супер жеңіл салмақта өнер көрсетеді. Фируза Шәріпова осы салмақ дәрежесіне көтерілуге әзір. Егер қазақстандық спортшы жеңетін болса, ол өзі үшін маңызды саналатын атақтардың иегері болып қана қоймай, 3 түрлі салмақ дәрежесінде чемпион атанады. Әлемдік кәсіби бокста мұндай нәтижеге жеткендер санаулы ғана. Сол себепті Шәріпованың алдында спорт тарихына сенсациямен енудің үлкен мүмкіндігі тұр».

Фируза Шәріпова екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы. Ол өткен жылы Алматыда 30 желтоқсанда өткен кездесуде ол «Питбуль» деген лақап атпен танымал бельгиялық Джемилля Гонтарюкті жеңді. Осыған қарай Фируза IBO және WBC Silver атақтарын жеңіп алып, WBC нұсқасының ең танымал чемпиондық белдігіне негізгі үміткерлердің бірі атанды.

Соңғы жаңалықтар