Фируза Шәріпова Флойд Майвезердің бокс академиясында мастер-класс өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 22 жастағы кәсіпқой боксшы, Азия чемпионатының жүлдегері Фируза Шәріпова Ресейдің Жуковка кентіндегі Флойд Мейвезер атындағы бокс академиясында шеберлік сабағын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Қазақстанның боксшы қызы Академия директоры Олег Жадобинмен кездескен кезде, ол Фируза Шәріповаға осындай ұсыныс айтқан екен. Шеберлік сабағы шамамен 23 ақпан күні өтеді деп жоспарланған.

«1 сағат көлемінде өтетін мастер-классқа келем деушілерге есік ашық, тегін өтеді. Шеберлік сабағына жасына, спорттағы мәртебесіне, дайындық деңгейіне қарамай, кез келген адам келе беруіне болады», - дейді Фируза агенттік тілшісімен әңгімелесе отырып.

Фируза Шәріпова сондай-ақ бізге бүгін фотосессия өтетінін де хабарлады.

«Олег Жадобин атап өткендей, бұл фотосессия көп басылымдарға таптырмас сурет болады екен. Суреттерімді Академияның баспасөз қызметі таратады», - дейді Фируза.

Фируза Шәріпова Тараз қаласында туған. Ол осымен үшінші рет кәсіпқой рингта бокстасқан спортшы. Ең алғаш рет Мәскеуде 2012 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері София Очигаваға есе жіберген Фируза екінші жекпе-жегінде итальяндық спортшы Анжело Канецароны жеңіп, үшінші жекпе-жегінде сербиялық боксшы Милен Матовичты ұтқан болатын. 

2017 жылдың көктемінде Фируза титулды жекпе-жегін өткіземін деп жоспарлап отыр. Қазір спортшы Мәскеуде шеберлік сабағына дайындалып жатыр.

Соңғы жаңалықтар