Фируза Шәріпова ең беделді чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Қазақстанның Кәсіпқой бокс федерациясы екі салмақ санатында бірнеше чемпиондық белбеулердің иегері Фируза Шәріпованың WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы, финляндиялық Ева Вальстреммен жекпе-жек өткізуіне рұқсат берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатты спортшының баспасөз қызметі таратты.

Жартылай орта салмақта өтетін жекпе-жекке Вальстремның WBC белбеуі және қазақстандық спортшының IBO Championship белбеуі тігілген. Осы айқастың жеңімпазы жартылай орта салмақ санатының әлемдегі үздік боксшысы атанады.

Жекпе-жек 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургтегі «СИБУР АРЕНА» концерт-спорт кешенінде болады. Осыдан бірер күн бұрын Ева Вальстрем Instagram-дағы парақшасына Фируза екеуінің суретін салып, «кімнің мұрны бұзыларын көрерміз» деп жазған болатын.

 

Соңғы жаңалықтар