+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 512.1
RUB 5.63 CNY 64.49
Jańalyqtar

Фируза Шарипова бүгін Мәскеуде сербиялық Сара Марьяновичпен айқасады

2020 жылғы 30 қазан 11:18
Бөлісіңіз:
Фируза Шарипова бүгін Мәскеуде сербиялық Сара Марьяновичпен айқасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін, 30 қазанда Мәскеуде өтетін кәсіби бокс кешіне қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (11-1, 6 КО) қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте бокстан Қазақстан чемпионаты мәреге жетті Бекзат Нұрдәулетов Қазақстан чемпионатында топ жарды Қазақстан чемпионаты: 18 жастағы боксшы Азия чемпионын ұтып кетті

Шарипова Сербия боксшы Сара Марьяновичпен (7-7, 3 КО) жекпе-жекке шығады. Жеңіл салмақтағы айқас екі минуттан болатын сегіз раундқа есептелген. Тікелей көрсетілімді «Qazsport»телеарнасы мен SHAMO BOXING Youtube-арнасынан тамашалауға болады. Басталуы – Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 18:00-де.

Фируза Шарипова өзінің соңғы айқасын тамыз айында өткізген еді. Ол бесінші раундта танзаниялық боксшы Хэппи Даудиді (9-7-1, 4 КО) нокаутқа жіберген. Сара Марьяновичтің соңғы жекпе-жегіне келсек, ол қыркүйек айында төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен отандасы Невена Матовичтен басым түскен еді (0-1).

Айта кетсек, Мәскеудегі бокс кешінің хедлайнерлері – ресейлік боксшылар Шәміл Хатаев (4-0, 1 КО) пен Грачья Маргарян (7-1-1, 5 КО). Олар орта салмақта WBA Asia чемпионы титулы үшін айқасады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT