Фируза Шәріпова аты аңызға айналған рингте өнер көрсетеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - РФ Бокс академиясының директоры Олег Жадобин таяу уақытта Фируза Шәріпова айқасатын атақты ринг туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірнеше жыл бұрын кіші Флойд Мейвезер Мәскеуге ресми сапармен келді. Ол Гиннестің әлемдік рекордын жаңартқан және бокстан жаппай жаттығу өткізген Бокс академиясына атбасын бұрды. Осыдан кейін оны Флойд Мейвезердің академиясына көшіру туралы шешім қабылданды. Қазір ол залдың ортасында тұр», - деді Олег Жадобин.

Оның айтуынша, Жуковкадағы рингте Григорий Дрозд - Кшиштоф Влодарчик, Владимир Кличко - Александр Поветкин жекпе-жектері өткен.

«Содан кейін Мейвезер келіп, өз клубы аясында ашық жаттығулар өткізді. Мұнда Мейвезер мектебінің тәрбиеленушілері мен Академияның ересек клиенттері жаттығады», - деді спикер.

Еске салайық, сәуірде Фируза Шәріпова ресейлік Анастасия Тришинамен жұдырықтаспақ. Айқас Мәскеу маңындағы Жуковкада өтеді. Бұдан бұрын ресейлік боксшы Фирузаны жеңетініне сенімді екенін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар