Фируза Шәріпова Алматыға келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокста екі салмақ санатындағы бірнеше белдіктің иесі Фируза Шәріпова Алматыға келді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ол Алматыдағы SPORTExpo Kazakhstan спорттық көрмесін тамашалады.

Ф.Шәріпова қазір WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстреммен болатын жекпе-жекке дайындық үстінде. Қазақстанға жаттығулар арасындағы үзілісін пайдаланып бірнеше күнге келіп отыр. Жуық арада ол Мәскеуге қайтып кетеді.

Айта кетейік, Ф.Шәріпова үздік спортшы қыз ретінде «Алтын Адам - Жыл Адамы» сыйлығына ұсынылған.

Марапаттау салтанаты 20 қараша күні 18:30-да Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында болады.

Соңғы жаңалықтар