Фируза Шәріпова әлемнің абсолютті чемпионын жекпе-жекке шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырған орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Кларесс Шилдске Фируза Шәріпова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Шилдс, аптығыңды бас, қазақтар әйелдерді ұрмайды. Геннадий Головкин мәдениетті, тәрбиесі жақсы адам», - деп жазды спортшы Инстаграмдағы парақшасында.

Сонымен қатар, Фируза Шәріпова К.Шилдстің өзін шаршы алаңда кездесуге шақырды.

«Егер қазақстандық бокс мектебінің қандай екендігін білгің келсе, сенімен кездесуге дайынмын. «Рокки-4» фильмін көріп пе едің? Рокки Бальбоа Иван Драгоға қарағанда денесі шағын әрі жеңіл болғанына қарамастан жеңіске жетті. Бойымыз бен салмағымыздың айырмашылығына қарамастан сені жеңетініме сенімдімін», - деді отандасымыз Фируза Шәріпова.

Айта кетейік, кәсіпқой бокстан қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шәріпова 20 сәуір күні Мәскеудегі Флойд Мейвезер бокс академиясында ресейлік Анастасия Тришинамен жекпе-жекке шығады. https://kaz.inform.kz/news/firuza-sharipova-maskeude-bolatyn-zhekpe-zhekte-kimmen-aykasady_a3515613

Жекпе-жек Григорий Дрозд - Кшиштоф Влодарчик, Владимир Кличко - Александр Поветкин жекпе-жектері өткен атақты рингте болады.

Соңғы жаңалықтар