+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Фируза Шәріпова әлемдік рейтингте төменге сырғыды

2020 жылғы 29 тамыз 17:19
Бөлісіңіз:
Фируза Шәріпова әлемдік рейтингте төменге сырғыды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова (11-1, 6 КО) ІВА тұжырымы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта чемпион атанды, алайда Boxrec.com порталының рейтингінде төменге түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Шәріпова бесінші раундта танзаниялық Хэппи Даудиді (8-7-1, 4 КО) техникалық нокаутпен жеңді, алайда BoxRec рейтингінде 19-орыннан 27-ші орынға төменге сырғыды.

Сондай-ақ, қазақстандықтың жинаған ұпайы да азайып қалған - 1.342-ден 0.516-ға кеміген. Бұл Шәріпованың ұзақ уақыт бойы алаңға шықпай қалуымен және қарсыласының әлсіз екендігіне байланысты болуы мүмкін, ол соңғы рет 2019 жылдың сәуірінде рингке шыққан болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT