«Фиона» дауылы Канаданың Атлант мұхиты жағалауына жақындап келеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Фиона» дауылы Канаданың Атлант мұхиты жағындағы жағалауына жақындап келеді, деп хабарлайды Euronews.com.

Дауыл теңізде биік толқындар тудырып, нөсер жауын, қатты жел әкеле жатыр.

Өңір тұрғындарына жіберілген ескертуде жағаға жақын жерлерде су басу қаупі бары да айтылған. Жел қатты болатын аймақтарда электр энергиясы бірнеше күнге дейін өшірілуі мүмкін.

Кейп-Бретон аралының кей жерлерінде және Жаңа Шотландияның шығыс бөлігінде жаз бойы жаңбыр жауды. Бұл сол өңірлерде су басу қаупін жоғарылатып отыр.


Бермуд аралдарында қазір жарық бірде бар, бірде жоқ болып тұр. Өткен түнде бұл жақты «Фиона» дауылы жанап өткендіктен, электр желісінің кей жерлері үзілген. Аралдағы ТЖ мамандары тұрғындарды үйден шықпауға шақырған, себебі желдің жылдамдығы сағатына 160 км жылдамдықпен соққан.


Соңғы жаңалықтар