Финляндияның премьер-министрі жұмыс аптасын қысқартуды ұсынды

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Финляндияның премьер-министрі Санна Марин жұмыс аптасын 4 күн, ал жұмыс күнін 6 сағатқа дейін қысқартуды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Huffington Post басылымына сілтеме жасап.

«Адамдар отбасымен және жақындарымен көбірек уақыт өткізуі керек. Жұмыс аптасы бес күн, жұмыс күні 6 сағатқа дейін қысқартып, халықтың еңбекақысын өзгеріссіз қалдыруды ұсынамын», - деді Санна Марин.

34 жастағы премьер-министрдің ұсынысын халық ықыласпен қабылдады. Бұл ұсынысты жиын барысында Финляндияның білім министрі Ли Андерссонна да қолдады.

Айта кету керек, қазіргі таңда Финляндияда жұмыс күні 8 сағатты қамтиды. Ал көршілес Швециядағы Гетеборг қаласында 2015 жылы 6 сағаттық жұмыс күні енгізілген болатын.



Соңғы жаңалықтар