Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылады

None
None
ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат - Финляндиядан Қазақстан арқылы Қытайға жаңа темір жол бағдары ашылады. Бұл туралы бүгін Финлядияның бизнес капитандарымен кездесу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі Хельсинкиден.

«Біз мультимодальды Еуразиялық көлік дәлізін іске қостық. Қазақстан арқылы 5 темір жолы мен 6 халықаралық автомобиль бағдары өтеді. Олар Қытай мен Азияның өзге де елдерін Ресей, Каспий теңізі, Қара теңіз, сонымен қатар Иран және Түркия арқылы Еуропамен жалғайды», - деп атап өтті Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Финляндияға жаңа темір жол бағдарының ашылуы қуанышты жаңалық екенін атап өтті.

«Ендігі уақытта Қытайдан Финляндияға және кері бағытта Қазақстан арқылы өтетін контейнерлік тасымал  теңіз жолымен тасымалдауға қарағанда 4 есе аз уақытты алатын болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
null 

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Финляндияға келді.

Сапар аясында Елбасы фин бизнес капитандарымен кездесті.  

Ал ертең  Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуі жоспарланып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар