Финляндияда өрт сөндіруші турникке тартылудан әлемдік рекорд орнатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндияда өрт күзетінің қызметкері Йоонас Мякипелто турникке 5,05 мың рет тартылып, жаңа әлемдік рекорд орнатты. Алдыңдағы үздік нәтиже 5,045 мың рет тартылуды құраған болатын, деп жазды Fontanka порталы.

Финн жаттығуын сенбі күні таңертең бастап, оны жексенбінің таңында ғана аяқтаған. Жаттығуды толық орындауға 18 сағаттан көп уақыт кетті.

Мякипелтоның өзі болса, алты мың рет тартылуды жоспарлағанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар