Финляндия Еуропада алғаш болып уран шығармақ

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2026 жылға қарай Финляндияда уран өндірісі толық қуаттылыққа өтеді. Ел атом электр стансалары үшін отын ретінде пайдаланатын уранды шығара бастайды. Қазіргі уақытта уранды Еуроодақтың бір де бір елі өндірмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік Тerrafame компаниясы 2024 жылдың жазына қарай Соткамо аймағындағы Талвиваара кенішінде уран өндіруді бастау жоспарын жариялады. Қазір онда электр көліктерінің батареяларын өндіруде қолданылатын никель мен кобальт өндіріліп жатыр. Кәсіпорынның мәліметінше, жерден көтерілген кеннің бір келісінде шамамен 17 миллиграмм уран бар және осы уақытқа дейін оны өндірістік қалдықтарға жатқызып келген.

Terrafame жыл сайын шамамен 200 тонна уран алуы мүмкін. Жобаға салынған инвестиция шамамен 20 миллион еуроны құрады. Өндірілген уран шетелге экспортталады деп болжануда.


Соңғы жаңалықтар