Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Finiko компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының прокуратурасы жанында көлеңкелі экономика және қаржы пирамидасына қарсы күрес бойынша мүдделі мемлекеттік органдар қатарынан ведомствоаралық жұмыс тобы тұрақты жұмыс істейді.

«Мониторинг кезінде азаматтардың ақшалай қаражатын ай сайын енгізілген соманың 150%-на дейін (ең төменгі салым 500 АҚШ доллары) сыйақы беру шартымен тартатын The Finiko компаниясы анықталды. Компанияның сайтына сәйкес, салымшылардың саны әртүрлі елдерден (Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Өзбекстан, Түркия және т.б.) 165 мыңнан асады»,-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы қаласы прокуратурасының тапсырмасы бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі компанияның қызметіне талдау жүргізді және қаржы пирамидасының белгілері туралы қорытынды берді.

Осыған байланысты, прокуратура қатысы бар тұлғаларды анықтауға бағытталған бірқатар іс-шараларды қолға алып, Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп The Finiko компаниясының заңсыз қызметі расталды.

7 шілдеде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімін тіркеу жүргізілді және ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы қаласының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу барысын бақылауға алды.

Жоғарыда аталған компанияның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласының экономикалық тергеу департаментіне +7 701 888 82 06 нөмірі бойынша хабарласа алады.


Соңғы жаңалықтар