Финдік боксшы Шәріповамен айқасы жайлы: Кімнің мұрны бұзыларын көреміз

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы финляндиялық Ева Вальстрем қазақстандық кәсіби боксшы Фируза Шәріповамен алдағы жекпе-жегі туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вальстрем Instagram-да өзінің және Шәріпованың фотосуретін орналастырды. Онда чемпион қыздардың беттерінде көгерген ісіктер байқалады.

«22 желтоқсан күні Санкт-Петербургта чемпиондық екі белдік үшін рингте кездескенде кімнің мұрны шыдас береді, ал кімдікі бұзылады?», - деп жазды финдік боксшы.

Айта кетейік, Фируза Шәріпова WIBA, WBC Silver, IBO Championship тұжырымдары бойынша екі салмақ санатында бірқатар чемпиондық белдіктің иегері. 

Шәріпова-Вальстрем жекпе-жегі 22 желтоқсан күні Санкт-Петербургтағы «Сибур Арена» концерттік-спорт кешенінде өтеді. Бәске финдік боксшы ие WBC нұсқасы бойынша екінші жартылай жеңіл салмақтағы әлем чемпионы белдігі, сондай-ақ қазақстандық қызға тиесілі IBO Championship титулы қойылған. Кездесу жеңімпазы аталмыш салмақта әлемдегі ең үздік саналатын болады.

Еске салайық, биылғы 8 қыркүйекте Санкт-Петербург қаласындағы А2 аренасында Шәріпова ресейлік Юлия Куценконы жеңіп, өзінің атақтарының бірін қорғап қалды. Кейін, қазақстандық спортшының мұрны сынғаны белгілі болды. Бокс кешіне өзінің жұбайымен және командасымен бірге Вальстрем де келіп, болашақ қарсыласының айқасын тамашалаған болатын. Айқастан кейін ол рингке көтеріліп, Шәріповамен көзқарастар дуэлін өткізді.

Ал Вальстрем 6 сәуір күні Хельсинкиде АҚШ боксшысы Мелисса Сент-Вилизге қарсы айқаста өз титулын қорғаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар