«Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары сотталды. Бұл туралы ҚазАқпаратҚаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Тергеу барысында «Finbet» букмекерлік кеңсесінің басшылары букмекерлік қызметпен қатар Қазақстан Республикасы аумағында аса ірі мөлшерде, 300 млн.теңгеден астам сомада кіріс алумен заңсыз ойын бизнесімен айналысқаны анықталды.

Құмар ойындарға құқыққа қайшы ақшалай мөлшерлемелерді қабылдау Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 мекемеде жүзеге асырылған.

Сот үкімімен үш айыпталушы ҚР ҚК 307-бабы 3-б. 2-т. бойынша кінәлі деп танылып, екі ұйымдастырушыға шартты түрде 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі, ал біреуіне 2,4 млн теңге сомасында айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Қылмыстық іс бойынша 100 млн. теңгеден астам сомаға ақша қаражаты мен басқа да мүліктер тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар