«Finbet» букмекерлік кеңсесі заңсыз ойын бизнесімен айналысқан

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Экономикалық тергеу қызметі жүргізген жедел-тергеу шараларының нәтижесінде «Finbet» букмекерлік кеңсесінің заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі.

Аталған кәсіпорынның басшылығы букмекерлік қызметпен қатар ел аумағында заңсыз ойын бизнесімен айналысқан.

Заңсыз құмар ойындары Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында орналасқан 43 букмекерлік кеңседе жүзеге асырған.

18 желтоқсан күні 8 өңірде бір уақытта арнайы операция өтіп, кеңселерде тінту жүргізілді.

Кәсіпорынның заңсыз қызметінің жылдық табысы 3 млрд. теңгеге жуық соманы құрайды.

Заңсыз ойын бизнесінің ұйымдастырушылары қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынған.

Жедел-тергеу шаралары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар