Финалда шаршы алаңға шығатын «Арландардың» қарсыластары белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін қазақстандық «Астана Арландары» Қытайда WSB сериясы аясындағы финалдық кездесулерін бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Астана Арландары» және «Куба Домадорес» арасындағы финалдық матчта сынға түсетін боксшылардың жұбы толығымен белгілі болды. Алғашқы жекпе-жек бүгін, яғни 26 қыркүйекте Сямынь қаласында, екінші жекпе-жек 28 қыркүйекте Цзиньцзянда болады.

Чемпиондық атақ үшін «Астана Арландарынан» мына боксшылар шаршы алаңға шығады:

C-1 : 
49 келі: Теміртас Жүсіпов - Дамиан Арсе Дуарте;
56 келі: Ілияс Сүлейменов - Освиэл Давид Кабалльеро Гарсия;
64 келі: Ділмұрат Мижитов - Энди Круз; 
75 келі: Әбілхан Аманқұл - Ослейс Иглесиас Эстрада;
91 келі: Нұрбол Алтаев - Эрисланди Савон; 

C-2 : 
52 келі: Сәкен Бибосынов - Хорхе Гриньян;
60 келі: Закир Сафиуллин - Лазаро Альварес; 
69 келі: Асланбек Шымбергенов - Рониэль Иглесиас;
81 келі: Бек Нұрмағанбет - Хулио Ла Круз; 
91 келі: Қамшыбек Қоңқабаев - Хосе Лардует.

Екі кездесуден кейінгі командалар арасындағы жекпе-жектер тең аяқталған жағдайда 64 келі салмақтағы боксшылар қосымша жекпе-жекке шығады. Бұл салмақта Бекдәулет Ибрайымов бар.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар